Басты бет / Философия және саясаттану / Философия / Нусипова Гульнара Игенбаевна
Нүсіпова Гүлнар Игенбайқызы 1968 жылдың 14 қаңтарында Алматы облысында дүниеге келген.
Жоғары білім алып, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке кіріскен сәттен бастап ғылымға
және кәсіби даму бағыттарына ерекше назар аударып келеді.
Білімі:
– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар
факультетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ-ларының «Ғылым ордасы»
кешені негізінде «Философия» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын аяқтаған.
– Осы кешен негізіндегі бірлескен докторантура бағдарламасында «Философия» мамандығы бойынша
білім алған.
Ғылыми дәрежесі:
– Философия докторы (PhD)
Еңбек тәжірибесі:
– 1997–2007 жж. — ҚР МҒАН «Философия институтында» аға лаборант.
– 2007–2011 жж. — ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану институты» саяси зерттеулер бөлімінің
ғылыми қызметкері.
– 2011–2016 жж. — «Адам әлемі – Мир человека» және «Аль-Фараби» журналдарының техникалық
редакторы.
– 2016 жылдан бері — ҚР ҒЖБ Комитеті, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты
«Философия, саясаттану және дінтану институты» ЖШС-ның философия орталығының жетекші ғылыми
қызметкері.
Жобалар аясындағы қызметі:
– «Қазақстандықтардың қоғамдық пікіріндегі өңірлік проблематика» (2008).
– «Қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік стратификациясы» (2009–2011).
– «Еліміздің рухани жаңғыруы аясындағы қазақ халқының этикалық ойының болашағы» (2018–2020).
– «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру» (2018–
2020).
– «Абай философиясындағы толық адам концепциясы және қазіргі заман».
– «Қазақстанның тұрақты даму стратегиясы контекстіндегі мәдениет пен құндылықтар».
– «Қазақстандағы бұқаралық санаға ақпараттық-идеологиялық ықпалдар» (2023–2025).
– «Қоғамның қайта пішімделуі жағдайындағы тұлғаның рухани дамуы» (2023–2025).
– «Әділеттілік түсінігінің қазіргі концептуалдық тәсілдері және оның жүзеге асуы» (2023–
2025).
Педагогикалық тәжірибесі:
– Магистратура педагогикалық тәжірибесі.
– Докторантура педагогикалық тәжірибесі.
– Магистратура ғылыми-зерттеу тәжірибесі.
– 2019–2020 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Философия», «Әл-Фараби және қазіргі заман».
– 2025 ж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Ренессанс феномені: Шығыс және Батыс», «Қазақ
мәдениетінің құндылықтары».
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| Абай ат.АлМУ | Жоғары | 2007 |
Академикалық дәреже
Ғылыми дәрежесі
1
Нусипова Гульнара Игенбаевна
Барлыбаева С.Х., Шубаева У.К., Иватова Л.М., Габитов Т.Х., Садыкова Р.К., Аташ Б.М., Курмангалиева Г.К., Молтобарова К.И., Шабденова А.Б., Телебаев Г.Т., Алимжанова А.Ш.
"Мәңгілік ел" идеясы: кеше, бүгін, ертең
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы
2019 - г.
ISBN 978-601-7824-44-0
431 - стр.
ҚАЗАҚСТАН
Автордың құжаттары
0
Цитирования
0 по 0
құжаттар
h-индексі
0